Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Құрық ауылында тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытатын зауыт салу жоспарлануда

    99
    13 февраля

    Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды. Сапар барысында «GFM Қазақстан» ЖШС базасындағы тренинг орталығының және аудандық жұмыспен қамту орталығының «Open Space» жаңа форматтағы жұмысымен танысып, аудан әкімінің м.а. Қыдырберді Бековтың 2017 жылы атқарған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы халық алдында берген есебін тыңдады.

    Өткен жылмен салыстырғанда аудан халқының саны 1,6 %-ға көбейіп, 37 200 адамға жетті.

    Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 2017 жылы 174 млрд. теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 155,6 пайыздық көрсеткішті құрады.

    Өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 2017 жылы  852,8 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі - 105,5 пайызға жетті.  

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы 50  млрд.  тенге. Бүгінгі күні Құрық паромдық кешені арқылы барлығы 1 475 830 тонна жүк тасымалданды. (импорт 593 348 тн, экспорт – 882 482 тн). Сонымен қатар, 28 жүк автокөлігімен 584,7 тонна жүк экспортталды.

    2017 жылы 40,3 мың ш.м. түрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 105,9 пайызды құрады.

    Аудан бюджеті 2017 жылдың қорытындысымен - 9 млрд.170 млн теңге, кірістер бойынша орындалысы  - 101,5 пайыз (9 млрд 305 млн).

    2017 жылы 505,5 млн. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылды.

    Білім саласын цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мақсатында аудандағы 2 мектепке электрондық журнал енгізілді (Құрық орта мектеп гимназиясы мен №4 орта мектеп). 

    «Ералы Лұқпанұлы, Сіз ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылым көлемін 2017 жылға 2 млрд 064 млн. теңге жеткізуде тапсырған болатынсыз, аталған тапсырма 2 млрд. 135 млн. теңге көлемінде орындалып, 2016 жылмен салыстырғанда 108,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, 2018 жылы 27 құдық қазу жоспарланып отыр. Аққұдық ауылы тұрғындарының сұранысына сәйкес, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында жаңбыр суларын жинауға арналға 5 мың кубтық тоған құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда», - деді Қарақия ауданы әкімінің м.а. Қыдырберді Беков.

    Облыс әкімінің Қарақия ауданының әкімдігіне жүктеген 135 хаттамалық тапсырмасының 56-ы толықтай орындалды. Қалған 79 тапсырманың 23-і өтпелі кезеңмен 2018 жылы іске асырылады. Қалған 56 тапсырма тұрақты бақылауға алынды.

    «Қарақия ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде Құрық ауылы теңіз жағалауынан тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытатын зауыт құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Жобаның арқасында 450 жаңа жұмыс орындары пайда болады және аудандағы ауыз су мен техникалық су мәселесі толық шешімін табатын болады. Жоба құны – 50,0 млрд. теңге.  Облыс әкімнің бірінші орынбасары С. Аманғалиевке, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын», - деді  облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігіне  25 жыл
  • Маңғыстау ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 157 млн. т…
  • Биыл  Ақтау қаласы әкімдігінің тарапынан 2200 пәтер беріледі
  • Құрық ауылында тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытатын зауыт салу жоспа…
  • «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 5 ірі жоба жүзеге асырылады
  • Маңғыстау облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар орын алды
  • Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылы бойынша 100 % су жүйесін жүргізу жұмыстар…
  • 2017 жылы Мұнайлы ауданында орташа жалақы 140 260 теңгені құрады
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk