Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Қош келдің, Әз Наурыз! Қарақия ауданының елді мекендерінде "Амал мерекесі" атап өткізілді.

    508
    15 марта

        Құланды ауылында  «Амал» мерекесін тойлау 13 наурыз күні кешкісін басталды. Құланды саябағына алтыбақан құрылып, ауыл жастары ойын-сауық ұйымдастырды. Ән шырқалып, би биледі, сонымен қатар спорттық жарыс түрлері қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартудан бақ сынасып, жүлделі орындарға ие болды. Ал 14 наурыз күні ертемен Құланды саябағында киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. Мереке Қарақия аудандық мәслихат хатшысы Мееров  Ахмет Қалжанұлы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабытова Дина Жауымбайқызының құттықтау сөзімен ашылып, ауыл әкімі Санат Төкеновтың ауыл тұрғындарына арнаған игі тілектері мен ауыл ақсақалдарының құттықтау лебіздерімен жалғасты. Мерекелік шараға ауыл тұрғындары мен жастары белсене атсалысты. «Керемет келін» сайысы өткізіліп, ауыл келіндері сынға түсіп, ақыл парасаты мен қолөнерге бейімділіктерін көрсетті. Мерекелік концерт аяқталысымен үлкендер дастарханнан дәм татып, ақсақалдар жастарға батасын берді.

          Бостан ауылының тұрғындары да биыл Амал мерекесін үлкен дайындықпен, сән салтанаты  жарасқан көркемдікпен атап өтті. Бұл жолғы мерекелік шара 14 наурыз күні Қарақұдық орта мектебі ғимаратының акт залында өткізілді. Мерекелік шараға қатысқан ауыл әкімі Асанов Шаттық Сырымұлы және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жұмалиев Алпамыс ауыл тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтады. Әсем дауысты әншілер мен мың бұрала билеген бишілеріміз ауыл тұрғындарының  ыстық  ықыласына бөленді. Жиналған жұртшылық асық ату, қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру сайыстарына белсене қатысып, мерекенің шырайын келтірді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына арнап Қарақұдық орта мектебінің алдына киіз үйлер тігіліп, ақ дастархан жайылды.

           Керемет көңіл-күймен Амал мерекесі өз мәресіне жетіп, жиналған көпшілік тойдан тамаша әсер алып, көтеріңкі көңілмен бір-біріне келесі Наурыз тойына дейін амандық - саулық тілеп тарқады.

                                                                                                                                                                              Қарақия ауданы

                                                             

     


    Аудан әкімі
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Жариялаулар
  • 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Елімнің…
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
  • БЖЗҚ туралы 5 сұрақ
  • Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі жандарға үйлерінде қызме…
  • Құрық ауылында 500 орындық жаңа жатақхана ғимараты ашылды.
  • Құрық ауылында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған мемориалдық кеш…
  • 2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңдарындағы өзгерістер туралы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk