Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурc жариялау туралы хабарландыру
Жарияланды: 27.09.2017
Қаралды: 53

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

Е-R-4 санаты үшін Жоғарғы білім :

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

E-R-4

min

max

73288

96607

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі/кадр қызметі/, индекс 130300, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (72937) 2-24-14, 2-11-41, эл. поштасы karakia.mangystau.gov.kz. бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы  конкурс  жариялайды:

1. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (санаты E-R-4 ) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қарақия аудандық мәслихатының шешімдері бойынша белгіленген санаттарға әлеуметтік көмектерге құжаттар жинақтап,тағайындау, «Тыл ардагерлерін және  Семей ядролық полигонында  зардап шеккен азаматтардың құжаттарын жинақтап комиссия отырыснда қарау. «Үйден  оқытылып,тәрбиеленетін мүгедек балаларға» әлеуметтік  көмек тағайындап шоттарына аудару.Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы арқылы көрсетілетін қызмет түрлеріне облыстық басқармаға сұраныстар жолдап,мүмкіндігі шектеулі жандарға тифло-сурдо,кресло-коляска,гигиена және  сан-курортпен қамтамасыз ету.Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым-обьектілерін түгендеп базаға енгізу.Е-Собес базасыны енгізу жұмыстарын жүргізу,кітаптарын толтырып отыру.Барлық төлемдер бойынша арнайы айлық,тоқсандық,жылдық есептерін облыстық басқармаға тапсыру.Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары бойынша қадағалау.Аудан әкімінің қаулысы негізінде  оқу грантымен жоғары оқу орнына қабылданған студенттердің  құжаттарын жинақтап комиссияда қарау,оқу ақыларын,шәкіртаақыларына әлеуметтік  көмек төлемдерін төлеу.Мониторинг жүргізіп отыру.Мемлеттің кәмілетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру.Халықты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін бақылап отыру.Хаттар мен өтініштерге жауап беру.Журналдарын толтыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары Білім - Білім саласы (педагогика және психология,математика,биология,тарих,география). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық).  Гуманитарлық ғылымдар саласы (халықаралық қатынастар). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Білім беру саласы (негізгі орта білім беру). Құқық саласы  (құқықтану, құқық қорғау қызметі). Қызмет көрсету, экономика және басқару саласы (әлеуметтік жұмыс, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика.

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар:

1.  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2.  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3 қосымщаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының  әкімшілік мемлекеттік лауазымына қандидаттың қызметтік тізімі.

3.  Білімі туралы құжаттар мен олардың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнвынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмелері

4.  Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5.  Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы  23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген деңсаулық сақтау ұйымдарының  бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы деңсаулығы туралы медициналық анықтама дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6.  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7.  Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес  нәтижелері бар қолданыстағы сертификат немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі

8.  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

9.  Қазақстан  Республикасы Денсаулық  сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304  тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

10.  Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген  «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі.Персоналды басқару қызметі кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңнын 29-бабы 5 тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырды

1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш

2.тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім

3.Қазақстан республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап  жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың  түпнұсқасын  әңгімелесу  басталғанға  дейін  бір  жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді,  оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс  комиссиясымен  әңгімелесуден  өтуге  жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қарақия ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту,тұрғын жай жалдау,тұру,байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке  қаражаттары  есебінен  жүргізеді

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қаматамасыз ету үшін оның  отырысына байқаушылар,сондай-ақ Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан  Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының,басқа  мемлекеттік органдардың,қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың  өкілдері,  уәкілетті  органның  қызметкерлері  қатыса  алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес  облыстарда жұмс тәжірибесі бар тұлғалар,сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар,басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері,Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса  алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын  немесе  көшірмелерін  ұсынады.

Шағымдану тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.Уәкілетті  орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы қағидалардың бұзылуы анықтылған жағдайда,уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2- тармағының 17 тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…