Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурc туралы хабарландыру
Жарияланды: 14.09.2017
Қаралды: 80

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар 

Е-G-3 санаты үшін:Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

  Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

  E-G-3

  min

  max

  69957

  94109

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі/кадр қызметі/, индекс 130300, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (72937) 2-24-14, 2-11-41, эл. поштасы karakia.mangystau.gov.kz. бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға  ішкі конкурс  жариялайды:

1. «Жетібай ауылы әкімі аппаратының  » мемлекеттік мекемесінің  өңдіріс жөніндегі  бас маманы, (санаты E-G-3 ) орын - 1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: Өндіріс мәселелерге жауапты,өз құзыреті шегінде  тұрғындардың  арыз-өтініштеріне  және  заңды тұлғалардың хаттарына  жауап  беру,күзгі-қысқы  мерзімге дайындақтарын ұйымдастыру, елді  мекенді  ауыз сумен,газбен,электр  энергиясымен жабдықтауды және су пайдалану, абаттандыру, жарықтандыру, қөгаландыру және санитарлық тазхарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;төтенше жағдай,азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.Өндірістік мекемелермен тығыз байланыста болу,барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс жасау;ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау,ауыл әкімі шешімдерін рәсімдеу,жер қатынастары саласы аудандық уәкілетті органға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініштердің есебін уақытылы тапсыру,жер түгендеу жұмыстарын жүргізу т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білімі – Білім (құқық және экономика негіздері).Құқық (құқықтану,халықаралық құқық).Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика мемлекеттік  және жергілікті басқару).Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс,жерге орналастыру,кадастр).Техникалық ғылымдар және технологиялар геодезия және картография,жылу энергетикасы,электр энергетикасы,құрылыс,қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.Құқық заңгер). Қызмет көрсету экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман,экономист).

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар:

1.  Осы Қағидаларға 2-қосымша сәйкес нысандағы өтініш;

  2.  тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет – ресурсында соңғы жарияланған күнінен бастап  үш жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың  түпнұсқасын  әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді,оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс  комиссиясымен  әңгімелесуден  өтуге  жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қарақия ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту,тұрғын жай жалдау,тұру,байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке  қаражаттары  есебінен  жүргізеді

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қаматамасыз ету үшін оның  отырысына байқаушылар,сондай-ақ Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан  Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының,басқа  мемлекеттік органдардың,қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың  өкілдері,  уәкілетті  органның  қызметкерлері  қатыса  алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес  облыстарда жұмс тәжірибесі бар тұлғалар,сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар,басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері,Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса  алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын  немесе  көшірмелерін  ұсынады.

Шағымдану тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…