Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурc жариялау туралы хабарландыру
Жарияланды: 13.02.2017
Қаралды: 60

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

Е-4 санаты үшінЖоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

E-4

min

max

77452

94942

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі/кадр қызметі/, индекс 130300, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (72937) 2-24-14, 2-11-41, эл. поштасы karakia.mangystau.gov.kz. бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы  конкурс  жариялайды:

1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, (санаты E-4 ) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру,республикалық облыстық командалық штабтың жаттығуларын аудан көлемінде  өткізу,әскери міндетті азаматтардың  есебін жүргізу және тапсыру,қорғаныс істері жөніндегі  органмен байланыс жұмыстарын ұйымдастыру,  республикалық,облыстық деңгейдегі азаматтық  қорғау және төтенше жағдайларға, облыстың жұмылдыру дайындығы,азаматтық қорғаныс,авариялар  мен дүлей апаттардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасынан жолданған жоспар-кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарына  баруды  ұйымдастыру,байланыс мекемелерінің энергетикалық отын және газбен қамту жұмыстарын үйлестіру,жолдардың жөнделуін бақылау,күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру  төтенше жағдайларда қауіпсіздік  қамтамасыз ету  жөніндегі іс-шаралар кешенін жасақтау,төтенше жағдайларды жою кезінде,қолданылып жүрген заңдарға  сәйкес,меншік нысандары  мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады,ауданның бейбіт кезеңге және соғыс кезеңге арналған азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу,жоспарды Азаматтық Қорғаныстың бастығына бекітуге ұсынады,транспорт,байланыс мекемелерінің энергетикалық отын және газ шаруашылықтарының жұмыстарын үйлестіру,аса қауіпті жұқпалы аурулардың келуі мен таралуының алдын-алу мақсатында эпидемияға қарсы төтенше комиссияның жұмысын үйлестіру,қажетті жағдайда демалыс,мереке күндеріндегі кезекшілікті ұйымдастыру және бақылау,облыстық басқармаға сала бойынша есепті тапсыру,төтенше жағдайлар штабы отырысының өтуін төрағаның тапсыруымен ұйымдастыру,хаттамаларын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары - Білім  саласы (математика,информатика, шетел  тілі: екі шетел тілі,педагогика және психология,тарих , әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану). Гуманитарлық  ғылымдар  саласы (халықаралық қатынастар,аударма ісі). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық).  Әлеуметтік  ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, менеджмент есеп  және  аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті  басқару, әлемдік экономика,қоғамдық байланыс,еңбекті ұйымдастыру және нормалау).Техникалық  ғылымдар  және технологиялар саласы (автоматтандыру және  басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,стандарттау,сертификаттау  жә не метрология,геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау,тау-кен ісі,мұнай-газ ісі,көлік,көлік техникасы және технологиялары,жылу энергетикасы,электр энергетикасы, құрылыс,көлік құрылысы,мұнайхимия,геофизикалық іздеу әдістері және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау. Қызмет  көрсету  саласы  (бағалау).

Орта білімнен  кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Білім беру (бастауыш білім беру,негізгі орта білім беру. Құқық саласы (құқықтану,құқық қорғау қызметі).Қызмет көрсету,экономика және басқару (статистика,есеп және аудит (бухгалтер)-ревизор (аудитор) экономист –бухгалтер, экономика экономист,еңбек жөніндегі экономист).

Конкурсқа  қатысу үшін  қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  Қағидаларға  2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3 х 4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3 - қосымшаға сәйкес нысанда  толтырылған  сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4)  еңбек  қызметін  растайтын  құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2010  жылғы 23 қарашадағы  № 907 бұйрығымен  бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда  № 6697  болып  тіркелген)  нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат  (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі)

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының  нотариалдық  куәландырылған  көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжай  бойынша  тиісті  мемлекеттік  органға  тапсырылуы  тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді, оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге  жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды  хабардар  еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қарақия ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу  өтетін  жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке  қаражаттары  есебінен  жүргізеді

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның  отырысына байқаушылар,сондай-ақ Қарақия ауданы әкімінің аппаратының басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан  Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының,басқа  мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың  өкілдері,  уәкілетті  органның  қызметкерлері  қатыса  алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес  облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын  немесе  көшірмелерін  ұсынады.

Шағымдану тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын  тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…