Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыс активімен кездесті
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыс активімен кездесті
Жарияланды: 19.07.2019
Қаралды: 1303

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыс активімен кездесті. Еске сала кетейік, 2019 жылдың 15 шілдесі күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Бүгін аталған жиынның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін орындау, облыс деңгейінде атқаруға тиіс шараларды айқындап алу үшін жиналды. Облыстық активтің жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Баспаев Ернар Жеңісұлы, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихат хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттер, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңестің басшылары қатысты.

- Мемлекет басшысының үкімет пен әкімдердің алдына қойған ең басты талабы – халықтың табыс деңгейін арттыру. Сондай-ақ, индустрияландыру, қарапайым заттар экономикасы, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, әлеуметтік көмек тағы да басқа мәселелерге байланысты жіті назар аударуды тапсырған болатын. Осыған байланысты, бұл міндеттердің жақын арада орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет, - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 17 шілдесі күні ел Президенті консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын бекіткен болатын. Оның мақсаты – еліміздің негізгі қоғамдық-саяси топтарының өкілдері мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

- Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткелерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Біз осы құрамға облыстан 8 адамды ұсындық, оның ішінен белсенді ел азаматы Жәнібек Қожық Қоғамдық Кеңестің мүшесі болып сайланды. Жәнібек Қожықтың мемлекет алдындағы маңызды жұмысына сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта еліміздегі мәселелерді бірге, ақылдаса отырып атқарамыз деп ойлаймын, - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Аймақ басшысы ҚР Президенті атап өткен бағыттарға қысқаша тоқталып өтіп, облыс әкімінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…