Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының әкімі жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды
Маңғыстау облысының әкімі жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды
Жарияланды: 04.07.2019
Қаралды: 2283

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қарақия ауданындағы жұмыс сапарын Жетібай ауылының өндірістік аймағындағы су тазарту зауытынан бастады. 
"Еділ суын тазарту өндірістік бекеті "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ қаражатымен 1997 жылы салынған болатын. 2015 жылы "Тұрмыс-Сервис" МҚК қарамағына берілген. Жетібай және Мұнайшы ауылының тұрғындарын және өндірістік мекемелерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында "ЕСТӨБ"-не ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 54,8 млн.теңгеге сметалық құжаттама жасақталып, 2019 жылға 40 млн.теңге бөлінген. Мердігер мекеме "КББ Групп" ЖШС-і жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қуаттылығы тәуілігіне 3500 м3 су тазартады.

Аймақ басшысы ары қарай алдағы жаңа оқу жылында ашуды жоспарлап отырған 75 орындық "Жетібай педагогикалық-психологиялық түзеу орталығы" ғимаратына барды. Бос тұрған бұрынғы кәсіптік лицей ғимараты күрделі жөндеуден өткен. Жетібай мен Мұнайшы ауылдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықпен бірге жаңадан 25 жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар ескі тұрғын үйлер мәселесі талқыланды.

Бұдан соң жұмыс сапары Құрықтағы су тұщыту зауытының құрылыс жұмысымен танысты. 
«Маңғыстау облысындағы тәулігіне 50 000 м3 теңіз суын тұщыту зауыты жобасы» Құрық ауылының Жыланды мүйісінде салынып жатыр. Жобаны жүзеге асырушы -
“Шанхай Safbon Water Service” компаниясы. 
Ірге тасы қаланғалы бері бір жыл өтсе де жұмысы қарқын алмай жатқан компанияның бұл - Қазақстандағы бірінші жобасы екен. Safbonдықтар аймақ басшысына,
теxникалық-экономикалық негіздеме жұмыстары жағынан қиындықтар болғанымен, тез арада шешімін тауып, уәделі уақытта: сапалы, экологиялық таза, технологиялық жағынан озық, заманауи су тұщыту зауытын міндетті түрде аяқтаймыз, -деген уәде берді. Бұдан соң Серікбай Өтелгенұлы Құрықта салынып жатқан төрт қабатты, жалдамалы бес тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты. Жалпы сметалық құны
861,182 млн.теңгені құрайтын жобаны жүзеге асырушы мекеме - "Ақ жол-Құрылыс" ЖШС-і.
24 пәтерлік бес үйдің барлығы 120 пәтері ең алдымен Құрық ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және кезек бойынша басқа да азаматтарга берілмек.

- Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанның аумағындағы аула жұмыстары жасалып жатыр. 
Жоба бойынша сыртқы инженерлік инфрақұрылымды толық аяқтау үшін жетпей жатқан 172 млн. теңгені республикалык бюджеттен бөлуге өтінім берілген. Қаражат мәселесі шешілсе, нысан қабылдауға дайын, - деді жергілікті басшылық. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысқан облыс әкімі Құрықтағы кәріз жүйесінің жай-жапсарымен танысты. Ауданда ат басын тіреген әр нысанның жұмыс барысымен танысқан соң нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жолай аудан орталығына жақын орналасқан "Ерсай" ЖШС-іне де барып , ТШО "Болашақ кеңею жобасы" аясындағы жұмыстардың аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындарды жұмыстан қысқартпау жөніндегі маселелерге тоқталып, Ерсай мен жергілікті басшылыққа тапсырмалар берді.

Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…