Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
Жарияланды: 06.06.2019
Қаралды: 623

Маңғыстаулық белсенді жастар жазғы лагерде бас қосты. Шараның басты мақсаты - жастар жылының аясында мың жылдық тарихы бар Маңғыстау өлкесінің тағылымын кейінгі ұрпаққа дәріптеу, тарихи сана қалыптастыру, әрбір жасты отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, төл мәдениетімізді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. «Көгез» этно ауылында ұйымдастырылған лагерге жастар ұйымдарының өкілдері, ерікті жастар, мүмкіндігі шектеулі жастар,  дарынды мектеп оқушылары, жас кәсіпкерлер мен вайнерлер қатысты. Жалындаған өңір жастарына қолдау көрсетіп, демеу болу үшін облыс әкімі Ералы Тоғжанов ашық аспан, табиғат аясындағы шараға қатысты. Бейресми форматтағы кездесуде жастар өңір басшысымен еркін тақырыпта сұқбаттасып, көкейтесті сауалдарын қойды. Сонымен қатар, туризм және ауыл шаруашылық салаларындағы маңызды идеяларын тыңдап, жастар жүзеге асырған табысты жобалармен танысты. Ералы Тоғжанов: «Маңғыстау атауының Мыңжылдығы күні кеше облыс көлемінде бастау алды. Бұл -  рухқа тағзым, ата-баба аманатын орындау, жеткіншек ұрпаққа өнеге, тарих үшін тұғырлы белес деп есептеймін! Сіздер де осы бастаманы қолдап, әрі қарай жалғастырады деп сенемін. Бәріміз бірге атсалысып, ата-бабаларымыздың алдындағы парызды абыроймен орындауымыз қажет» - деді. Аймақ басшысы ерекше атап өткен тағы бір жәйт - жастардың арасындағы еріктілер тобы. «Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, оларға қуаныш сыйлау – ең үлкен бақыт. Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өткен еріктілер форумында маңғыстаулық ерікті жастардың қызметін жоғары бағалап, ерекше атап өткен болатын. Осы орайда мен де облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы «Еріктілер корпусына» абыройлы қызметтері үшін алғыс айтамын. Жалпы, мені қуантатыны ерікті жастардың қатарының көбеюі. Жуырда Бейнеу ауданында 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жиналып, жағдайы төмен отбасыға үй алып берген. Бұл үлкен бастама. Рамазан айында мұндай сауапты істі жасаған жастарымыз көпке үлгі» екенін ерекше атап өтті. Лагерде ұлттық ойындар (асық ату, арқан тарту, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, ұршық иіру, аударыспақ, теңге ілу) ойнатылып, Шерқала - Айрақты тауы, Қызыл қала тарихи жеріне жастар саяхаты және жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Ағаш үй маңына дарынды суретші Бекежан Мерейдің картиналары қойылып, «Өнер» колледжі суретшілерінің пленері ұсынылды.

Жастар әр топқа бөлініп, туризм және кәсіпкерлік тақырыбында семинартренингке қатысып, жобалармен жұмыс жасады. Кездесу соңында өңір басшысы жастармен бірге «Кешкі алауға» қатысып, ақыл-кеңесімен бөлісті. 


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…