Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау - тарихы терең, шежіресі бай өлке
Маңғыстау - тарихы терең, шежіресі бай өлке
Жарияланды: 05.06.2019
Қаралды: 2074

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шараның құтықтау сөзінде Маңғыстау атауының мың жылдығына орай, аймақта жүздеген іс шара ұйымдастырылатынын мәлімдеді. 

Елімізде туған жерге деген отаншылдық идеясын қалыптастырып, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтатын мемлекеттік рәміздердің мерейлі мерекесін жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. 

Тағлымы мол «Маңғыстаудың мың жылдығы» атаулы датасын ресми түрде жариялау мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келуі кездейсоқтық емес деді өңір басшысы. 

Ералы Тоғжанов: «Біз Бірлік пен татулықтың арқасында Тәуелсіздігімізді тұғырына қондырып, Мәңгілік Ел құрдық. Мемлекеттік ту, Елтаңба, Гимн – тәуелсіздіктің символы, елдіктің нышаны болса, «Маңғыстаудың мыңжылдығы» өлкеміздің символы, түп-тамырымыз терең екендігінің айшықты дәлелі. Мемлекеттік рәміздерде ата-бабаларымыздың өткен жолы мен тарихы көрініс тапса, сол тарихты терең тану, өскелең ұрпаққа насихаттау біздің, аға буынның асыл парызы»,- деп атап өтті. 

Өңірде Маңғыстаудың тарихын жүйелеу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кешенді ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейде экспедициялар мен конференциялар іске асқан болатын. Нәтижесінде тарих бетінде 1000 жыл бұрын Маңғыстау атауының пайда болғаны дәлелденді. 


Бір жыл алты ай ішінде 7 елдің 70-ке жуық ғалымдарының Маңғыстау мұраларын зерттеудегі кешенді жұмыстарының нәтижесінде «Маңғыстау атауының мың жылдығы» нақтыланды.

Атаулы дата аясында облысымызда «Тарих толқыны: Маңғыстаудың мың жылдығы» халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылып, Ұлы Жібек жолындағы Алтынқазған, Қарақабақ, Қызылқала, Кетікқала қалашықтарына кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, жер асты мешіттері мен таңбалы тастарын ғылыми зерттеу, оларды қорғауға алу шараларын қабылдау іс-шаралары жоспарлануда. 

Сонымен қатар, тарихи - археологиялық ескеркіштерге қызығушылық танытқан дүниежүзілік National Geographic және франциялық Pernel Media компаниялар облысымызда деректі фильмдер түсіреді.

Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…