Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстауда «3 күнде бизнес» жобасы нәтижесін бере бастады
Маңғыстауда «3 күнде бизнес» жобасы нәтижесін бере бастады
Жарияланды: 01.04.2019
Қаралды: 4786

Маңғыстауда Қазақстанда баламасы жоқ «3 күнде бизнес» жобасы алғашқы жемісін бере бастады.
Наурыз айында ғана қолға алынған жобаның мақсаты - Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жағдайы, күнкөріс деңгейі өте төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиесімен айналысып отырған көпбалалы отбасыларға өз кәсібін ашуға қолдау көрсету. Өз кәсібін ашқысы келетіндер қажетті құрал-жабдықпен қамтылады, кәсіпкерліктің қыр-сыры үйретіліп, бизнес жобасы жүзеге асқанға дейін қолдау көрсетіледі.
Отбасыларды, жобаларды іріктеу, жобасын соңына дейін жүзеге асыруын қадағалау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, кәсіпкерлер бар.
Кеше Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен жобаны іске асыру бойынша комиссияның отырысы өтіп, алғашқы нәтижелері талқыланды. 
Жобаны Маңғыстаудың жеке кәсіпкерлері мен меценаттары, өңірдегі ірі компаниялар қаржыландырады.
Жоба аясында Ақтау қаласында 100 кәсіп, Жаңаөзен қаласында 100 кәсіп, Мұнайлы ауданында 50 кәсіп, Бейнеу, Қарақия және Түпқараған және Маңғыстау ауданында 30 кәсіптен, облыс бойынша барлығы 370 кәсіп ашу жоспарланған.
Жоба өзінің алғашқы нәтижесін бере бастады. Мәселен, Жаңаөзен қаласынжа 50-ден аса тұрғын өз кәсібін ашты. Мысалы, «ZERE» аспаздық өнімдері, «XANBIBI» тігін шеберханасы, «AliTort» кондитерлік өнімі, OZEN NAN нан өнімдері, жылы жайлар,құс шаруашылығы т.б брендтер өз жұмысын бастады. Қалған 50-ге жуық тұрғын 20 сәуірге дейін кәсіпкер атанады.
Арнайы топ тізім бойынша жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардың жай-күйіне көз жеткізіп, қандай кәсіпті жүргізе алатынын анықтады. Үй жағдайында өз бизнесін бастауы үшін қажетті құрал-жабдық, азық-түлікпен қамтып, тауар белгісін жасап, тауарларын сауда нүкелеріне шығаруға көмектесті.
Айта кетелік, «AliTort» кондитерлік өнімін саудаға шығару үшін құрал-жабдық алуға 350 мың, тауар белгісін жасауға 150 мың теңге жұмсалған.

Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…