Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Ауданымыз жер көлемі үлкен болғандықтан шалғай орналасқан Аққұдық, Болашақ ауылдарына қарым –қатынас жасау сәл киындық туғызып отырғаны баршаға аян. Дегенменде аудандық Мәдениет үйінің ұжымы жолдың алыстығына қарамастан, жыл сайын осы ауылдарға ат басын тіреп, ауыл тұрғындарына деген ыстық ықылыстарын асқақ әнмен, күмбірлеген күймен жеткізіп, орталықтағы өнер күмбезінің тамаша тартуын арнап қайтатыны үрдіске айналған десек болады. Биылда бұл сапар өз жоспарымен жалғасын тапты. Аққұдық ауылының үлкен-кішісі алдын-ала айтылған хабарландыру арқылы құлағдар болып, асыға күткен аудан өнерпаздары келгенде ауылдық мәдениет ошағына лезде жиналып үлгерді. Көрермен залына жиналған аталар, ақ жаулықты аналар, ауыл жастары аудан өнерпаздарын үлкен ықыласпен қарсы алды. Концерт барысында аудандық мәдениет үйінің директоры Әлпіш Фарида Бектемірқызы сөз сөйлеп аудан халқы атынан ауыл тұрғындарына деген ықылас сәлмдерін жеткізіп, өзі жетекшілік етіп жүрген аудандық өнер ұжымының алдағы уақыттада Аққұдық елдімекеніне жаңа бағдарламалармен келіп тұратындығын айтып, ауыл тұрғындарын бір куантып тастады. Бір жарым сағатқа созылған концерттік бағдарлама ерекше тартымды болып өтті. Концертте өнер көрсеткен ауданымызға танымал әншілердің шын көңілімен орындаған тамаша әндері корерменнің көңілін толтырып, ду-ду соғылған кошаметтерге ұласып жатты. Концерт соңында ауылдағы мүжәлсіз отбасы балаларына арнайы сыйлықтар табыстап, ауыл халқының тұрмысына сәттілік тілесе, сахна төріне көтерілген ауыл үлкендері аудандық мәдениет ұжымына рахметтерін айтып, жұмыстарына табыс тіледі.
Міне ағайын! Ауыл шалғай, жол күдір болса да, алыстағыларды елеп- ескеріп көңілін білдірер ел аман болсын. Өнер баршаға бірдей ортақ. Кешегі өткен сал серілеріміз атқа мініп, домбыра сыбызғыларын асынып, күннің суығымен аптап ыстыққа да қарамай ел аралап, өнерін келер ұрпаққа аманаттап келген. Біздіңде көтергеніміз солардың аманаты. Ең бастысы еліміз тыныш, шаңырағымыз берік болғай ағайын.
Мәдени ұйымдастырушы Ақзат Омарова