Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – зейнетақыны бірге жоспарлайық
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – зейнетақыны бірге жоспарлайық
Жарияланды: 29.11.2019
Қаралды: 108

«Ашық есік күні» – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшылары үшін дәстүрлі шараға айналды. Бұл жолы БЖЗҚ филиалдарының қызметкерлері салымшылар мен алушыларды Қор кеңселерінде емес, «Нұр-Отан» партиясының өңірлік филиалдарында қарсы алды.

«Зейнетақыны жоспарлау» – күн тәртібіндегі басты тақырып болды.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады. Базалық және ортақ зейнетақы мемлекеттік бюджет есебінен, ал жинақтаушы зейнетақы – міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленеді.

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында оңтайлы үлестірілген. Сондықтан міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс берушінің Қорға уақытылы аударып отыруы жұмыскер үшін өте маңызды. Өйткені болашақ зейнетақының қандай болатындығы жарналардың көлемі мен аударылу жиілігіне тікелей байланысты. 

Қордағы жинақ ақшаңыздың жай-күйімен үнемі хабардар болып отыру үшін ұялы телефоныңызға Қордың ENPF мобильді қосымшасын жүктеп алуыңызға болады. Онда push-хабарлама қызметі бар. Оны пайдалану үшін қосымшаның «Баптау» бөліміне кіріп, (push-хабарламаны қосу/өшіру) осы қызметті іске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскен сәтте, экранда пайда болатын қысқаша хабарлама Сізге бұл туралы хабарлап отырады.

«Ашық есік күні» барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары келушілерге мобильді қосымшаның басқа да мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Мысалы, зейнетақы калькуляторы. Сол арқылы болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін есептей аласыз. Зейнетақы калькуляторы келушілер арасында ерекше сұранысқа ие болды. Көп адам қосымшаны осы шара барысында телефондарына жүктеп алып жатты. Бұдан басқа, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарына да қызығушылық танытты. Бұл жарналар болашақ зейнетақының көлемін арттыруға едәуір септігін тигізеді.

Қор мамандары «Жинақтар құнсызданып кетуі мүмкін» деген қауесеттерді жоққа шығарды. Жинақтаушы жүйде мұндай жағдай орын алуы мүмкін емес. Өйткені мұнда әрбір салымшының атына жеке зейнетақы шоты ашылады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түсіп отырады. Мұны Қор сайтының жеке кабинеті арқылы көз жеткізуге болады. Жинақ ақша әрбір салымшының меншігі. Оның үстіне біздің елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей модель жұмыс істейді. Соған сәйкес мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың міндетті түрлерінің нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Аталмыш шара еліміз бойынша жоғары деңгейде өтті. Қатысуға ниет білдірушілер көп болды және олар жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ шараға мемлекеттік/ мемлекеттік емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

«Ашық есік күні» соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасын толтыру ұсынылды. Сауалнамда келтірілген пікірлер мен ұсыныстардың барлығы жақын уақытта ескерілетін болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…