Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Жарияланды: 14.03.2019
Қаралды: 1018

Амал мерекесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейде тойланды.

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар қатысты.
Мемлекет басшысы  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «әлемнің жеті кереметі» деген секілді, қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті  кереметін атап көрсетті. Амал мерекесі Елбасы мақаласының айқын бейнесі іспетті. 

Ондағы мақсат – ата-баба аруағына тағзым ету, бір-бірімен, алыс-жақын ағайынмен туысқандықтың тамырын бекіту, Тәуелсіз еліміз, кең байтақ жерімізге ынтымақ, ырыс, береке-бірлік тілеу
13 наурыз күні кешке Қасиетті бірлік алауын жағудың салтанатты рәсімі өтті.

Үлкен алау  Маңғыстаудың биік шоқысы – Отпан тау басында, теңіз деңгейінен 532 метр биіктікте  орнатылған. Берлік отын жағу рәсіміне облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.  Ол қонақтарды амал мерекесінің  басталуымен құттықтады.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: "Тәуелсіздік-тарихтың сыйлығы немесе қазіргі заманғы жаулап алу емес,бұл өткен ұрпақтың алдындағы қасиетті борыш және болашақ ұрпақтың алдындағы үлкен жауапкершілік. Біз-өз тәуелсіздігін алған және болашаққа нық қарайтын халықпыз". Сондықтан Амал мерекесін  "Отпан Тау" тарихи-мәдени кешенінде тойлаудың  маңызы зор. Біздің ұлттық құндылықтарымызға берер бағамыз бен егемендігімізге құрмет. «Жыл өткен сайын Амал мерекесі елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, ерекше мәнге ие болуда. Биылғы жылғы Амал мерекесі тіптен ерекше, себебі биыл халықаралық деңгейде ұйымдастырылуда. Бүгінгі жиында еліміздің түпкір-түпкірінен және алыс-жақын шет елдерден, соның ішінде Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Иран елдерінен зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, жыршылар мен шығыстанушылар жиналуда. Игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа шақыратын бұл мереке әр шаңыраққа еніп келе жатқан жақсылық пен молшылықтың, жаңару мен тазарудың айқын нышаны».

2008 жылдан бері Амал мерекесін барлық сән-салтанатын Отпан таудың басында тойлауды үрдіске айналдырып келеміз. Биыл Амал мерекесі екінші рет республикалық деңгейде тойланды. Шараға еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысты. 
Сондай-ақ, мереке аясында «Рухани жаңғыру. Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік Конференциясы мен «Армысың, Амал!» атты облыс жыршыларының қатысуымен жыр кеші  өткізілді.  Жыр кешінде Маңғыстаудың 20 жыршысы қатысып өнерлерін көрсетті. 

Отпан таудағы Амал мерекесіне 5000 адам қатысып, 50 қазақ үй тігілді. 200-ден астам адам әртүрлі шараларға қатысты. Ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылды. Шарада Қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысымызды бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, суретшілердің пленэрлік жұмыстары және қолөнер көрмелер жұртшылыққа таныстырылды. Келген қонақтар бір-бірлерімен төс қағыстырып, қол алысып «Жыл құтты болсын!» деп тілесті.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…