Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Жемқорлыққа жол берме
Жемқорлыққа жол берме
Жарияланды: 11.07.2019
Қаралды: 596

  Ел болып еңсесін тіктеген, тәуелсіздігін алып, шаршы әлемге танылған, Елбасының көреген саясатының арқасында әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындап алған мемлекетіміз, қауіпті кесел сыбайлас жемқорлықтан айығуды міндет етіп қойды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтін қатерлі дерт.    Еліміз тәуелсіздігін алған жылдар ішінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, қарсы тұру бағытында  көптеген бағдарламалар қабылданды.  

  Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру, электрондық үкіметті енгізу сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде «электронды үкімет» порталының атқаратын рөлі зор деуге болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады.  «Электрондық үкімет» – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. WWW. ЕGOV.KZ веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез- келген нүктесінен өтініш бере алады, төлем жасай алады  немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады.

  Бүгінгі таңда Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  бөлімімен көрсетілетін жеті мемлекеттік қызмет түрінің екеуі яғни құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну және Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер100% электронды форматта көрсетіліп отыр.Қалған қызмет түрлері баламалы түрде көрсетіледі, алайда баламалы түрде көрсетіліп отырған мемлекеттік қызмет түрлерін толықтай электронды форматқа көшіру жолға қойылып басты назарға алынған.

  Тиісті қызметтерді электронды түрде көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғамның өзекті дерті болып табылатын жемқорлық көріністерінің алдын алу, жою бағытында басты бағдар беретін құжат болып табылады. Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресте  бүкіл қоғамның белсене атсалысуы  тиіс екені айтылады.  Жемқорлықпен күрес –Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт Жоспарының 13- қадамы – жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қадамында көрініс тапқан.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту жəне Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатын, алға басқан қадамды кейін тартып, қоғамның дамуына тежеу болатын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту-әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

                                                               «Қарақия аудандық жер қатынастары,

                                                           сәулет және қала құрылысы  бөлімі» ММ-сі


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…