Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Жалғызбасты әкеге жақсылық жасалды!
Жалғызбасты әкеге жақсылық жасалды!
Жарияланды: 13.05.2019
Қаралды: 382

Бүгін Құрық ауылының тұрғыны Тәңірберген Машировқа "TANIRBERGEN" ағаш ұстасы бренді тапсырылды. Тұрақты жұмысы жоқ, көпбалалы және жалғызбасты әкенің ағаштан әртүрлі жиhаз, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайтын шеберлігі болғанымен, жағдайдың жоқтығы қолбайлау болып жүрген-ді.

Міне, бүгін, ұста "Бизнес 3 күнде" жобасы аясында ағашты бедер салып кесетін, күйгізіп оюлайтын, өңдейтін қондырғылар және басқа да қажетті барлық жабдықтармен қамтылды.
Оған қажетті сапалы ағаш өнімдері де "Ерсай" компаниясынан алынуда.

Қолында қарт анасы бар, көпбалалы, жалғызбасты әке расында қуанышын жасыра алмай, осы жобаны бастаған Маңғыстау облысының әкіміне алғысын айтып, қарт анасы ақ батасын жаудырып жатқанда, іштей екі нәрсеге қуанып тұрдым. Біріншісі - Жалғызбасты әкенің рамазан айында сонша қуанғаны болса, екіншісі - осы қуанышты сыйлаған әке - Ералы Лұқпанұлының бүгін туған күні екенін мен әлеуметтік желіден білсем де, бұл қарапайым адамдар білмейді де. Бірақ, шын ықыласымен тебіреніп тұрып, бата беріп, көзіне жас алып жатыр.
Рас-ау! Әкім де әке емес пе? Мұқтаж әкеге қуаныш сыйлаған әкім-әкенің де туған күні құтты болсын! Елін сүйген әр азамат үшін, елдің алғысынан, халықтың қуанышынан асқан бақыт, одан үлкен сыйлық бар ма?!
Айтпақшы, "Жақсылық жаса" өз бастамасы аясында, дәл бүгін - өзінің туған күнінде бір әкеге, жарым көңіл, жалғызбасты әкеге қуаныш сыйлағанын Ералы Лұқпаұлы білмеген де шығар, бәлкім. Ол маңызды емес. Ең маңыздысы, кім болсақ та, кімге болса да жақсылық жасай білейік, ағайын!

                                                                      Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

#ЖақсылықЖаса

#Бизнес3Күнде

#ҚарақияАуданы


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…