Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Құрметті жерлестер!
Құрметті жерлестер!
Жарияланды: 30.12.2018
Қаралды: 1779

Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!2018 жыл -игі істерге толы, жақсылығы мол жыл болды.

Биыл біз – Тәуелсіз Қазақ Елінің алтын діңгегі болған Астананың жиырма жылдығын атап өттік. Мәдениет пен ғылымның, бейбітшілік пен бірліктің ордасына айналған елордамыз бүгінде әлемдік мегаполис деген атқа ие.Қысқа ғана уақыттың ішіндеАстанадай алыпшаһардың бой көтеруі ел дамуының нақты дәлелі.

Ел үшін ең маңызды қоғамдық-саяси оқиға – елбасымыздың төрағалығымен өткен Каспий жағалауы елдерінің 5-ші Саммиті.Каспий теңізінің құқықтық статусы анықталып, Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы шегенделді.Каспий достық теңізіне айналып,Ақтаудың аты дүниежүзінің төрт бұрышына тарады. Саммит аясындажол салынып, миллиондаған түпгүл отырғызылды, теңіз жағасында Амфитеатр бой көтерді, әдемі жартас пен «Аңыздар алаңы» ашылды. Барлығы үш шақырымдай теңіз жағасы пайдалануға берілді. Жағалау халықтікі және солай болып қалуы тиіс.

Тарихи шараның жоғары деңгейде өтуіне үлесін қосып, күндіз-түні еңбек еткен құрылысшыларға, ақсақал ағаларымызға, кәсіпкер азаматтарғарахмет. Ең бастысы елдің бірлігі мен ынтымағы бекіді, ауызбіршілігі жарасты.

Елбасымыз«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындаатап өткендей, Маңғыстау жерінде де әлі де толық ашылмаған мол мұрамыз жатыр.Осы бағытта биыл бірнеше жоба іске асты. Түркия, Ресей, Әзірбайжан елдерініңмамандарыМаңғыстаудың мұраларына ғылыми экспедиция жүргізді. Нәтижесінде жаңадан бес жерасты мешіті мен жиырманың үстінде құдық-шыңыраулар табылды.Облыс тарихына қатысты жаңа архивтік құжаттар табылды. Келер жылы бұл да басты жаңалықтың бірі болары анық.

Биылоблыс тарихында бірінші рет1 млн. шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.

Облыстағы орта бизнес субъектілерінің саны46 мыңнан 51 мыңға дейін артты. 32 мыңжұмыс орны құрылды.

Маңғыстау елімізде халық санының өсу көрсеткішібойынша көш басында.Биыл 20 мың сәби дүниеге келді. Тұңғыш президент күніне орай,Ақтауда Ана мен бала орталығы қолданысқа берілді.Алтын құрсақты аналарымызға да мың алғыс!Кәсіпкерлердің қаражатымен 33 балабақша пайдалануға берілді.Бұның бәрі өткен жылдың жемісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жыл жастар жылы деп жариялауыел ертеңі – жастарға артылған жауапкершілік. Әсіресе, ауыл жастары белсенділік танытуы тиіс. Көзінде оты бар, көкірегі білімге толы ұл-қыздарымыз жетерлік. Сол жастардың барлығын бірге ел үшін қызмет етуге шақырамын!

Ардақты әлеумет!

2019 жыл елімізгежаңа бақыт пенмолшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін!Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!Баршаңызға жаңа жыл құтты болсын!

Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…