Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Кадрлық ауыс-түйіс
Кадрлық ауыс-түйіс
Жарияланды: 05.12.2018
Қаралды: 876

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкіміне сәйкес,  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары болып Өркен Бисақаев және Нұрдаулет Қилыбай тағайындалды.

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, «тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша бітірген.  2018 жылы АҚШ Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған. 

Еңбек жолын 1999 жылы  Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. Кейін Астана станциясында кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамынының бас маманы, бөлім бастығы, магистральды желілер дирекциясы басқарушысының көмекшісі қызметтерінде болды.

2005 - 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары.

2009 – 2010 жылдары  «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры болды.

2010 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2011 - 2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры.

2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.

2013 – 2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы -  атқарушы директоры,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті.

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Теміржолсу» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Өркен Серікқалиұлы Бисақаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген, білім жоғары.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (инженер-экономист), 2010 жылы Ш.Е. атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (юриспруденция), 2015 жылы Алматы Менеджмент  университетін (іскерлік әкімшілік) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Батыс Қазақстан облысындағы

«Интергазстрой» ААҚ-да экономист қызметінен бастап,  КТК жобасы директорының орынбасары, Тенгизшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы, «Интергазстрой» жоба - экономикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2003 – 2004  жылдары  «Казтранском» ААҚ –да  Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.

2004 – 2007 жылдары  «Ньютек Дистрибьюшн» ЖШС корпоротивті жобалар департаментінің менеджері,  департамент директоры, бас директорының орынбасары болды.

2007 - 2010 жылдар аралығында  Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2010 - 2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2012 - 2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2016 - 2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы қызметін атқарған.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…