Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Ақтауда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды.
Ақтауда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды.
Жарияланды: 01.12.2018
Қаралды: 789

Ақтауда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мереке аясында Ақтауда  көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналғандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа орталықтың  жалпы көлемі  3372,7 шаршы метрді құрайды, 4 қабаттан тұрады.

Көші-қон қызметтерін  көрсету орталығы "бір  терезе"қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Мұнда шетелдік азаматтар медициналық тексеруден өтіп, ЖСН ала алады, барлық қызмет түрлерін ұсыну үшін мемлекеттік баж салығын төлей алады, сақтандыру полисін ресімдеп,  Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне рұқсат алу үшін қажетті дактилоскопиялық тіркеуден өте алады. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтер қатарына шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелерін шешу, тұрақты тұруға қалдыру және азаматтық алу мәселелері кіреді.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру туралы еліміздің одан әрі дамуының жаңа стратегиялық міндеттерін алға қойды. Елбасының жолдауына сәйкес, облыс орталықтарында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығын құру қажеттігі басты мақсат болатын. Сондықтан облыс аумағына келген шетел азаматтарын тиісті тіркеуді қамтамасыз ету және олардың  аймақта болуын бақылау, қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында біз заманауи жабдық,талған үлкен жайлы залы бар көші-қон қызметі орталығын аштық. Бұл орталық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың күту уақытын қысқартуға ықпал етеді», -деді Ералы Тоғжанов.

Бұдан басқа, орталықта полиция ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер көрсетілетінболады: қаруды тіркеу және сақтауға рұқсат беру, газ жабдығын орнатуға рұқсат беру, әкімшілік айыппұлдарды төлеу және күзет қызметі үшін лицензия беру.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…