Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамының жекелеген түрлерінің қауіпсіздігітуралы
Арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамының жекелеген түрлерінің қауіпсіздігітуралы
Жарияланды: 11.01.2019
Қаралды: 206

Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде өнім өндірісінің қауіпсіздігін, санитариялық-гигиеналық жай-күйін және олардың сақталуын қарастыру біздің және болашақ ұрпақтың денсаулық кепілі.

Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын қауіпті тағамдар қатарына бірінші орында тәт­ті газды сусындарды жатқызады. Бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Екінші орында фаст-фуд тағамдары.Соңғы кезде фаст-фуд өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқаймыз. Адамдар әртүрлі себептермен, оның ішінде уақыт тығыздығы салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл әрине дұрыс емес.Аталған  тағамдарды қолдану адам денсаулығын бұзып, семіздікке ұшыратады, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді мұндай тағамдарға үйретпеген дұрыс.

Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Бұл ретте адам денсаулығына зиянсыз тамақ өнімдерінің жекеленген түрлеріне тоқталуға болады. Адам өмірі мен денсаулығын қорғау және тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында Кеден одағының «Арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамының жекелеген түрлерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданған. Аталған техникалық регламенттің объектілері болып спортшыларды, аяғы ауыр және емізуші әйелдерді тамақтандыруға арналған арнайы тамақ өнімі және диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамына, оның ішінде балалар тағамына арналған тамақ өнімі болып табылады.

Арнайы тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде келесідей қауіпсіздік талаптары қойылады:

1.  Диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамына арналған тамақ

өнімдері үшін:

1)  адам ағзасының физиологиялық мұқтаждығын қанағаттандыруға,

контаминаттардың және биологиялық белсенді заттар мен қосылыстардың биологиялық ағзалардың жол берілетін мөлшері жөніндегі белгіленген гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс.

2.  Аяғы ауыр және емізуші әйелдерді тамақтандыруға арналған тамақ

өнімдері үшін:

1)  мезофилді аэробтық және факультативті анаэробтық микроағзалардың

мөлшерінің көп болуы;

2)  ішек таяқшалары тобы бактерияларының шамадын тыс қолдану;

3)  е.coli, s.aureus, b.cereus , зең саңырауқұлақтар, ашытқылар белгіленген

мөлшерден артық қолдану.

3.  Балаларды емдік тамақтандыруға, айы-күні толмаған және аз салмақтағы

балаларға арналған арнайы тамақ өнімдері үшін:

1)  мезофилді аэробтық және факультативті анаэробтық микроағзалардың

мөлшерінің артық болуы;

2)  колиформы өнімін шамадан тыс қолдану;

3)  е.coli, s.aureus, b.cereusульфитредуциялаушы клостридийлер, зең

саңырауқұлақтар, ашытқылар мөлшерінің артық болуы.

4.  Спортшыларды тамақтандыруға арналған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің құрамында психотроптық, наркотикалық, улы, қатты әсер ететін, допингтік құралдар және/немесе олардың метаболиттері, басқа да ДДҚА (Дүниежүзілік Допингке қарсы Агенттігі) тізіміне енген тыйым салынған заттар болмауға тиіс.

Сонымен қатар, арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық тағамының жекелеген түрлерінің қауіпсіздігі тұз ауыстырғыштарының құрамына және қолдану шарттарына қойылады.

Диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамына арналған тамақ өнімін, аяғы ауыр және емізуші әйелдер тағамына арналған тамақ өнімін өндіру кезінде келесідей талаптарға жол берілмейді:

1.  салқындатылған түрін қоспағанда, құс етін, механикалық жолмен сүйектен айырған құс етін және құс етінен алынған коллаген құрамды шикізатты пайдалануға;

2.  ГТО құрамды өндірістік тамақ шикізатын және (немесе) ГТО-дан алынған құрауыштарды пайдалануға.

Арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамының жекелеген түрлерін өндіру, сақтау, тасу, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентте және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес және барлық сусымалы құрауыштар пайдаланар алдында магнит ұстағыш арқылы өткізілу қажет, ал тірі микроағзалармен жұмыс істеу үшін жеке үй-жай бөлінеді.

Тағамының жекелеген түрлерін буып-түю және таңбалау «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдеріне арналған техникалық регламент» және «Орауыштың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттеріне сәйкес тасымалдау және сақтау шарттары сақталған жағдайда өлшеп буып-түйіліп,  қауіпсіздік талаптарына сәйкес таңбалануы тиіс.

Жалпы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамының жекелеген түрлерін өндіру кезінде тамақ өнімдерінің дәмін жақсарту, дәмдендіру мақсатында әртүрлі қоспалар, хошістендіргіштер пайдаланылуы мүмкін. Бұл орайда, адам ағзасына қоспа заттардың зияндылық мөлшерін  бақылау мақсатында осы техникалық регламент және «Тағамдық қоспалардың, хошиістендіргіштердің және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін тағамдық қоспаларды пайдалануға рұқсат етіледі.

«Арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық алдын алу тағамының жекелеген түрлерінің қауіпсіздігі»(КО ТР 027/2012)  техникалық регламент туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан алуыңызға болады.   

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы  –  Акмурзина Зәмза Мейрамқызы


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…