Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданы әкімдігі, «Қарақия ауданық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданы аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру жөнінде конкурс жариялайды.
Қарақия ауданы әкімдігі, «Қарақия ауданық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданы аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру жөнінде конкурс жариялайды.
Жарияланды: 04.01.2019
Қаралды: 815

Жер уч. №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі, гектар

Жалдау мерзімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

300,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Садырнық» жері

2

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

500,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жері, «Тасболат» жері

3

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

250,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Науан» жері

4

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

250,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры, «Мешітті» жері

5

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

250,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Тасболат» жері

6

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

250,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Тасболат» жері

7

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

200,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Самолет ойы» жері

8

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

200,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Ақсу» жері

9

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

400,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Қызыладыр» жері

10

Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылымдық жер

250,0

10 жыл

Қарақия ауданының босалқы жер қоры,

«Садырнық» жері

1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары (шетелдіктердің қатысуынсыз) қатыса алады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде: 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

  Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

3. Конкурстық ұсыныста:

  1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

 2)шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

  3)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

  Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады. 2019 жылдың ақпан айының 04 күні сағат 10°°-ге дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ»  деген сөздер жазылады.

4. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстың өткізілетін күні 2019 жылдың ақпан айының 04 күні сағат 10°°.

Конкурстың өткізілетін мекен-жайы: Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, 6 ғимарат, Қарақия аудандық жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Қосымша хабарламалар мен анықтамалар алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (72937) 21800, 21887.

5. Жер учаскесін пайдаланудың талаптары мен шарттары:

1) жер учаскесінің орналасуы бойынша  салық органына жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақының салықтық есептерін (ағымдағы төлемдер сомасының есебін) есептік салық кезеңіндегі ақпан айының 20-нан кешіктірмей тапсыруға;

2) жерді нысаналы мақсатына  сәйкес пайдалану;

3) бекітіліп берілген және оған іргелес аумақтарды  тиісті санитарлық жай-күйінде күтіп ұстау жөнінде  іс-шараларды жүзеге асыруға;

4) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндірістік технологияларды қолдануға, өздерінің шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыруы нәтижесінде халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық, экологиялық жағдайды  нашарлатпауға;

5) Қазақстан Републикасының Жер кодексінің 140 бабында көзделгендей жерді қорғау бойынша іс- шараларды жүзеге асыруға;

6) жер салығын, жер учаскесін пайдаланғаны үшін Қазақстан Републикасының заңнамасында және төлем шартында көзделген басқа да төлемдерді уақытылы  енгізуге;

7) шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормалар, ережелер, нормативтерді) сақтауға;

8) Мемлекеттік органдарға Қазақстан Републикасының жер заңнамасында белгіленген жердің жай-күйі және пайдаланылуы туралы  мәліметтерді уақытылы табыстауға;

9)  басқа  да жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің құқығын бұзбауға;

10) жердің құнарлы қабатын қайтарымсыз жоғалтып алуды болдырмау қажеттілігінен болған сылып алуды қоспағанда, басқа тұлғаға сату және беру мақсатында жер учаскесін ластау, қоқыстау, нашарлату және  топырақтың құнарлы қабатының жағдайын төмендету, сондай-ақ, топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға жол бермеуге;

11) өз меншігі болып табылмайтын, тұтыну және өндіріс қалдықтары анықталған жағдайда,  жергілікті атқарушы органдарға хабарлауға;

13) топырақтың құнарлылығын сақтаудың тәсілдерін, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық картасында қабылдануына сәйкес агротехникалық  операцияларды қолдану тәсілдерін қолдануға;

14) шаруааралық жерге орналастыру жобасына сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жердердің тозуынан топырақты қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға;

15) дәнді дақылдарды ротациясының ғылыми-негіздемелік схемаларын  есепке  ала отырып тұқым себу айналымын сақтауға;

16) кешенді агроөнеркәсіпті дамыту саласында уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген, жайылымның бірлік алаңына ауыл шаруашылығы малдарын жаю ауыртпалығының нормативін сақтауға;

17) Жер кодексінде және қолданыстағы өзге де заңнамалар нормасында көзделген заңдылықтарды бұзуға жол бермеуге;

18) құнарлы қабаттың мелиоративтік жағдайының төмендеуін және құнарлылығын елеулі төмендетуге жол бермеуге.

6. Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: Жер учаскесі арқылы жол өту құқығы, инженерлік коммуникация жұмыстарына қызмет көрсету және жөндеуге кіру құқығы.

Ескертпе: Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу конкурс жеңімпазының қаражатынан жүзеге асырылады.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…