Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментіндегі түйткілді мәселелер сөз болды
Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментіндегі түйткілді мәселелер сөз болды
Жарияланды: 10.10.2018
Қаралды: 316

Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментіндегі түйткілді мәселелер сөз болды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  Маңғыстау облысының әкімі Е. Л. Тоғжановтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің басшыларының қатысуымен жергілікті бюджет бойынша болжамның орындалуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, Этикалық кодекс нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Соңғы деректерге сәйкес, жергілікті бюджетке салықтар мен төлемдерді жинау 82% - ға орындалды, жоспар бойынша 132 668,2 млн. теңге іс жүзінде 108 843,3 млн. теңге түсті, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш жоғары, яғин өсу қарқыны 103,6% - ды құрады.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Д. Е. Жаналинов баяндама жасады. Баяндамада заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, жеке тұлғалардан түсетін түсімдер бойынша бюджетке қосымша түсімдердің түсуі мақсатында атқарылған жұмыстар туралы есептер, жеке тұлғалардың берешек сомаларынан қосымша резервтер бойынша жұмыстар, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер бойынша, 2018 жылдың 3-ші тоқсанында ЖТС және әлеуметтік салық бойынша абарламаларды өңдеу бойынша жұмыстар, онлайн БКМ шеңберінде деректерді өңдеу бойынша жұмыстар айтылды. Бұдан басқа, МКД басшысы облыс әкіміне және қатысушылардың алдында жергілікті бюджетті толықтыру мақсатында салық төлеушілермен жұмыс істеу кезіндегі жоспарлары туралы баяндады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова өз баяндамасында кірістер департаменті қызметкерлері тарапынан Әдеп нормаларының сақталмауы жиі орын алып отырғандығын және тәртіптік жауапқа тартылғандар жайында баяндады. Жыл басынан бері Маңғыстау облыстық кірістер департаментінің 120 қызметкерінің 111 тәртіптік жауапкершілікке, қалған 9 әкімшілік жазаға тартылған. Ал тәртіптік жауапқа тартылғандардың 18 басшылық құрамының лауазымды тұлғалары.

«Кірістер департаментінің қызметкерлері 56 - ескерту, 27 - сөгіс, 5 - қатаң сөгіс, 12 - қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 2 - қызметінен төмендету, 2 - қызметінен босатылған. Сонымен қатар 5 мемлекеттік қызметші «теріс» себептермен қызметтен босатылған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін немесе тәртібін бұзғаны үшін кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасының 2 қызметкеріне 72150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл санылған», - деді департамент басшысы Н.Жанназарова. 

Өз сөзінде Ералы Тоғжанов мемлекеттік кірістер департаментінің әрбір қызметкерінің функционалдық міндеттерін қайта қарастыру керек екендігін айтты. Себебі атқарылатын қызмет деңгейі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, жұмыстың сапасыз орындалып жатқандығын байқауға болады. Департамент басшысы мен кеңесте көтерілген мәселелерді ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов барлық уәкілетті органдарға, қалалар мен аудандар әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…