Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданы әкімінің 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған құттықтауы
Қарақия ауданы әкімінің 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған құттықтауы
Жарияланды: 30.11.2018
Қаралды: 473

Құрметті аудан тұрғындары!

  Сіздерді еліміздің мерекесі – Тұңғыш Президент күнімен  құттықтаймын!

Тұңғыш Перзидент күні – бұл тарихи таңдау күні, тұңғыш президент сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлының барша  қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында басталған әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтық реформалар өз мақсаттарын бағыттап мемлекетті жалпыадамзаттық, қоғамдық-саяси, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңартуды жариялады. Қайта құру кезеңінде және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірнеше ондаған жылдар қалыптасқан жүйеден қоғамдық сананы және саяси түсінікті қайта өзгерту, мемлекеттің құқықтық тіреуін қайта қалыптастыру көптеген қиындықтар туғызды. Осындай кезеңде де қазақстандықтар өзінің бірлігін көрсетіп Елбасына таңдау жасап, болашақ іргесін бірге қалауда барлық күш-жігерін жұмсады. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, әлемге танытып, бүгінгідей біздің беделді мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің орны әрқашанда атап айтылады.

Бұгінгі күнде еліміз дамудың даңғыл жолына  түсіп, сенімді түрде болашаққа аяқ басуда.

Тілі басқа тілегі бір мемлекеттермен достық қатынасын үзбей, қайта Тәуелсіздік тұғырын көршілес елдермен нығайта отырып өрістетуге болатынын дұрыс түсіне білген елбасымыз қашанда салиқалы саясатты ұстана білді.

Біздің Егемен еліміз жылдар жылжыған сайын жандана дами беретін болады. Мақсаты айқын елдің мұраты биік болары анық. Елбасымыздың өзі айтқан: «Мемлекеттің гүлденуі үшін халықтың сенімін, азаматтардың білімі мен біліктілігін және ең бастысы, елдің бірлігін тірек етіп тұр» деген сөзі сенім мен ынтымақтың маңыздылығын меңзегендей.

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі мерекені еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың - Қазақстан халқының тіршілігі жақсарып, уайым-қайғысыз өмір сүруі үшін тынымсыз істеп келе жатқан еңбегінің және әлем қауымдастығының алдындағы зор абыройының заңды нәтижесі деп білген жөн.

Сіздерді бүгінгі айтулы мереке Тұңғыш Президент күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқының бағы мен жарқын болашағының кемелді айнасына айналған Мемлекет басшысының ел ертеңі жолындағы игілікті істеріне толағай табыстар, деніне саулық тілейміз!

Ұлт тағдырының рухы мен Тәуелсіз елдің көк туы желбірей берсін!

Еліміздің аспаны жарық, бағыты баянды болсын!

Құрметпен  аудан әкімі  Қ.Беков


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…