Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Жалпы қазақстандық ашық диктант туралы хабарландыру.
Жалпы қазақстандық ашық диктант туралы хабарландыру.
Жарияланды: 13.09.2018
Қаралды: 1171

     Құрметті Қарақия аудан тұрғындары, этномәдени бірлестіктерінің жастары, жастар ұйымының өкілдері, студенттер, оқушылар, қоғам белсенділері, ардагерлер және ниет білдіруші азаматтар

     Сіздерді «Мың бала»  республикалық  мәдени - ағарту жобасын  іске асыру аясында, 2018 жылы 20 қыркүйек сағат 10:00- де  еліміздің  барлық  өңірлерінде  бір мезгілде  Астана  қаласының 20 жылдығына орай  (синхронды түрде)  өтетін,  «Астана - бейбітшілік бесігі » - атты тақырыпта жалпықазақстандық  ашық  диктантқа қатысуға шақырамыз.

Өткізілетін күні, орны, уақыты:

 20 қыркүйек күні  сағат 10:00,

 №1 орта мектебі



Қазақстан халқы Ассамблеясының

Астананың 20 жылдығына арналған

«АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ» 

жалпы қазақстандық ашық диктант

ЕРЕЖЕСІ

1.  Жалпы ереже

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы  № 159 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016–2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағында жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын (бұдан әрі – «Мың бала») өткізу жоспарланған.

1.1.  Өткізілетін күні және уақыты: 2018 жылғы 20 қыркүйек, сағат 11.00.

Өткізілетін орны: Достық үйлері,ҚР кітапханалары, ЖОО, мектептер, мемлекеттік мекемелер.

Ұйымдастырушылар:

-  Қазақстан халқы Ассамблеясы;

-  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі;

-  Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен, облыстары әкімдіктері;

-  Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен, облыстары әкімдіктері аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері;

-  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы.

Әріптестер:

-  Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы;

-  ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалары;

-  ҚР жоғарғы оқу орындары мен мектептері.

2.  Ашық диктанттың мақсаты мен міндеттері

2.1.  Ашық диктанттың мақсаты: Мемлекеттік тілді білуге  қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

2.2.  Ашық диктанттың міндеттері:

Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;

- барлық қатысушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік беру;

- қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударту.

3. Ашық диктант қатысушылары:

-  этномәдени бірлестіктердің жастары;

-  жастар ұйымдарының өкілдері;

-  студенттер, оқушылар;

-  қоғам белсенділері;

-  ниет білдіруші азаматтар.

4.  Ашық диктантты өткізудің тәртібі мен мерзімі

4.1.  Ашық диктантты Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы «Қоғамдық келісім» КММ мен Достық үйлері ұйымдастырады. Ұйымдастыру бойынша әріптес ұйымдар – ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалары, ЖОО, мектептері.

4.2.  Ашық диктант еліміздің барлық облыстарында 2018 жылғы  20 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 11:00-де өткізіледі.

4.3.  Ұйымдастырушы:

-  облыстық, қалалық, аудандық кітапханалармен, ЖОО -мен бірлесе отырып, ашық диктантты өткізудің орны мен уақытын белгілейді және ауқымды түрде өткізуге шақыру хабарламаларын дайындауды ұйымдастырады;

-  ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамын бекітеді;

-  ашық диктантты оқитын адамды анықтайды (ашық диктантты оқитын адамның дикциясы жоғары, анық әрі таза болуы тиіс, мүмкіндігінше жергілікті театрлардың әртістерін немесе филологтарды тартуды қарастыру қажет) және ашық диктантты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бекіткен мәтінді оқиды;

-  ашық диктанттың нәтижесін бағалайды (қоса берілетін кестеге сәйкес);

- ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-не ү.ж. 21 қыркүйекте сағат 12.00-ге дейін ашық диктанттың нәтижесі бойынша ақпарат жолдайды (ақпараттың мазмұны: қатысушы контингеттің құрамы, соның ішінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің саны және ашық диктантты жазушылардың деңгейі).

Диктант қазақ тілінде өтеді, мәтін 19 қыркүйекте сағат 18:00-де жіберіледі.

БАҚ беттерінде:

Республикалық және жергілікті ақпарат құралдарында,  www.assembly.kz сайтында, әлеуметтік желілерде сұхбаттар мен ақпараттар орналастырады.

Күтілетін нәтижелер:

-  мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп, оның қоғамдық маңызы артады;

-  этнос топтарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттыру арқылы қазақстандық қоғамнан өз орнын табады;

-  жалпы сауаттылық және қоғамдық белсенділікті арттырады.






Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…