Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Жарияланды: 31.08.2018
Қаралды: 8722

Құрметті маңғыстаулықтар!

Баршаңызды еліміздің қастерлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Кез келген мемлекеттің тәуелсіздігін, азаматтарының құқы мен демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжат - Конституция. Азаттықтың алтын арқауына айналған Ата Заң егемендікпен етене егіз ұғым, елдің береке-бірлігі, ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті тірлігі, қоғамның қауіпсіздігі, жеке адамның бас бостандығы мен теңдігінің кепілі.

Әлемдік тәжірибеге сүйенген конституциялық бұлжымас қағидаларды берік ұстанудың арқасында заңдардың қызмет аясы кеңейіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның жан-жақты дамуына жол ашылды. Қарыштап дамыған Қазақстанның дүние жүзі мойындаған өркенді өзгерістері Ата Заңымыздың аясында жүзеге асуда.

Елбасымыз айтқандай, біз тәуелсіз елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ұлы Далада жаңа тұрпатты, қуатты мемлекет құрып, экономикалық-әлеуметтік және рухани әлеуетіміз жаңғыра әрі нығая түсті. Қазақстан халқы Асссамблеясы сынды қоғамдық бірегей құрылымымыз да зор маңызға ие.Ата Заңымыздан арна тартатын осындай азаматтық институттар мен мемлекеттік бағдарламалар халқымызды отансүйгіштік рухында топтастырып, кемел келешекке бастай беретіні сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақытты-баянды ғұмыр, елдің жарқын болашағы, халық игілігі жолындағы ерен еңбек, іргелі істеріңізге сәттілік тілеймін.

Құрметпен,

Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…