Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы
Добавлено: 10.08.2018
Просмотров: 333

Шағын көлемді кеме – балық аулауға, жүк және жолаушыларды тасымалдау, сүйретуге, іздеу салу, барлау жүргізу және пайдалы қазбаларды өндіруге, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да сондай жұмыстарға, лоцман және мұзжарғыш өткізгішіне арнап құрастырылған және жабдықталған, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған, ұзындығы 20 метрден артық емес және бортындағы рұқсат етілетін адамдар саны 12 адамнан аспайтын кеме.

2014 жылдың  1 ақпанында Кеден одағына мүше мемлекеттердің  бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын шағын  кемелерге, құтқару құралдарына және шағын кемелерге арналған қондырғыларды  қолдануға және пайдалануға, құтқару құралдарына және шағын  кемелерге арналған қондырғыларға  еркін орын ауыстыруды қамтамасыз етуге біріңғай міндетті талаптарды орнату мақсатында «Шағын  кемелер қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 026/2012)техникалық регламент күшіне енді.

Аталған  техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірін және денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында шағын көлемді кемелерге, шағын көлемді кемеге арналған құтқару құралдары және жабдығына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар  техникалық регламент  мыналарға қолданылмайды :

- теңіз және өзенде жүзетін кемелерге арналған құтқару және кезекші жеңіл қайықтар;

- әзірлеуші ескекті жарыс және оқу (жаттығу) қайықтары деп атағандарды қоса алғанда, тек қана жарысқа арналған спорт кемелеріне;

- желкенді серфингке арналған тақталар, үрленген баллондар мен өзге де су аттракциондарына;

- қозғалтқышы бар серфингге арналған құрылғы және қозғалтқышы бар басқа ұқсас құрылғыларға;

- эксперименттік шағын көлемді кемелерге;

- ауа жастықшаларындағы және су асты қанаттары бар кемелерге;

- су астында сейілдеуге арналған қайықтарға;

- салмағы 100 кг дейін шағын көлемді кемелерге қолданылмайды.

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылған шағын кемелердің техникалық сипаттамалары шағын кемені жасаушының жетектеме техникалық құжаттамасында келтірілген ұсынылған техникалық сипаттар мен көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс. Шағын кемелердің қауіпсіздік көрсеткіштері қалыпты пайдаланудың рұқсат етілетін шарттарында сыртқы климаттық және механикалық факторлардың әсерінен төмендемеуі тиіс.

Әр шағын  кемеде шағын кемені жасаушымен келесі ақпаратты қамтитын тақтайша орнатылған және бекітілген болуы тиіс:

- шағын кемені жасаушының немесе өндірушінің атауы, орналасқан жері (заңды мекен жайы және ел) және ұйымның фирмалық таңбасы;

-  шағын  кемені жасаушының есептеу жүйесіндегі сәйкестендіру нөмері;

-  шағын  кемені жасау күні;

- шағын кеменің типін;

-  жобаның нөмері (белгіленуі) (болған жағдайда);

-  шекті жүк көтере алушылығы немесе борттағы адамдардың саны;

-  қозғалтқыштың шекті күші;

-  қозғалыстың шекті жылдамдығы;

-  қызмет мерзімі (орнатылған жағдайда).

Сәйкестігі осы Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына расталмаған шағын көлемді кемелер, шағын көлемді кемелерге арналған құтқару құралдары және (немесе) жабдықтары Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығына өнімді айналымға шығарудың бірыңғай белгісімен таңбаланбауға және нарыққа айналымға шығарылмауға тиіс.

Айналымға шығаратын кезде осы Кеден одағы техникалық регламенті талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар мыналар болып табылады:

-сәйкестікті бағалау (растау) жіктеу түрінде жүргізілген шағын көлемді кемелер үшін – шағын көлемді кемені жіктеу туралы куәлік;

-сәйкестікті бағалау (растау) сертификаттау түрінде жүргізілген шағын көлемді кемелер, шағын көлемді кемелерге арналған құтқару құралдары және (немесе) жабдықтар үшін – сәйкестік сертификаты.

«Шағын көлемді кемелер қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 026/2012)  техникалық регламент туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында алуыңызға болады.   

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент бас маманы  –  Төлесін Нурлыбек Берікұлы

 


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…